
2024 жылдың 13 ақпан күні "АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" мен ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ жоспарлы "Жақсыдан қашпа, жаманға баспа" тақырыбында сабағы өткізілді.

Мақсаты:
- Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысының бірінші бөлімінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Парманқұлова Гүлсім Мейрамбекқызы"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жұмысымен таныстырып, ІІІ топқа бөлді.

Екінші бөлімде ата-аналар арнайы тақырыпқа сай карточкалар арқылы топқа бөлініп сабақ үдерісіне қатысты.

Қорытынды бөлімде ата-аналардан кері байланыс алынып, ата-аналар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, педагогикалық қолдау орталығының жұмысына оң бағаларын беріп, алдағы өтілетін сабаққа үнемі келіп қатыссақ деген ұсыныстарын жеткізді.

Ұйымдастырушылар: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жетекшісі Парманқұлова Гүлсім және сынып жетекшілер