25
декабрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
"№251 М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 сынып білім алушыларының ата -аналарымен "Балаға үйрету:ақылыңды мейірімге орап бер" атты тренинг - сабақ өткізілді. Мақсаты:ата-аналардың жас дағдарысы кезеңінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту. Отбасындағы өзара түсіністікке қол жеткізуге деген ұмтылысын дамыту.
Тренинг барысында ата -аналарға арнайы видео- ролик көрсетіліп, түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, талқыланды.
Ата-ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ананың рөлі бала өмірінде ерекше орын алатындығын айтып, үнемі отбасы үшін мейірім мен даму үздіксіз ізденіс екендігін ата-аналар ортаға салып, қорытындылады.
Сынып жетекшісі: Жакипова Айнұр