СЫР ЕЛІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ТОЙЛАНДЫ » №251 М.Әуезов атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№251 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СЫР ЕЛІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ТОЙЛАНДЫ
25
декабрь
2023

СЫР ЕЛІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ТОЙЛАНДЫ

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша өтті. Шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
«Бүгін республикамыздың барлық аймағында Президент шыршасы өтуде. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Мен өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» - деді. 31 жыл бұрын бастау алған Қазақстан Республикасы Президентінің шыршасына осы уақытқа дейін біздің өңірден 4 мыңға жуық бала қатысты. Еліміздің басты шырша тойын мерекелеу үшін сіздер де облысымыздың әр ауылынан келдіңіздер. Бұл салтанатты шара – Президентіміздің өздеріңдей өскелең ұрпаққа көрсеткен құрметі»,- деді аймақ басшысы.
Шыршаға қатысқан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ерекше білім беруді қажет ететін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта жетістіктерге жеткен 9-13 жас аралығындағы 200 оқушыға сыйлықтар табысталды.
Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балалар ертегілер еліне саяхаттады және Аяз ата, Ақшақармен бірге ән айтып, би биледі. Жаңа жылдық кештен керемет әсер алған қатысушылар мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысында 280 мыңға жуық бала бар. Олар 680 балабақша және 325 мектепте білім мен тәрбие алады.  Оқушылардың мектепке қатынауына жақын, ыңғайлы болу үшін биыл қаладағы 4 мектеп жанынан қосымша ғимараттар салынды, 2 жаңа мектеп іске қосылды. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 21 мектеп салынады. 
Дарынды балалардың талабын шыңдауға баса мән беріліп келеді.  Биыл Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттар жұмысын бастады. Сол жағалаудан 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық  физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының іргетасы қаланды. Алдағы жылы Жаңақорған және Шиелі аудандарында 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің құрылысы басталады. 
Соңғы екі жылда үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау мақсатында «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда. Лагерьде облыстың  1000-ға жуық дарынды оқушысы кәсіби мамандардың көмегімен білімін жетілдірді.
Биыл 102 сырбойылық өрен халықаралық, республикалық дәрежедегі ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Облыстың пәндік олимпиадалық командасы жаратылыстану-математика бағыты бойынша командалық есепте республикада ІІ орынды, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленді.
Балаларды әлеуметтік қолдау және қауіпсіз орта қалыптастыру да басты назарда. Аймақта бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен толық қамтылған. Көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай қолдау көрсету мақсатында 37 087 балаға 41 мың теңгеден барлығы 1,3 млрд теңгеге бірреттік қаражат берілді. Балаларды қауіпсіз, жайлы көлікпен тасымалдау үшін  жаңа үлгідегі 30 автобус алынды.
@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив