Шәкірттердің сезінумен арманын, 40 жылды ұстаздыққа арнадың » №251 М.Әуезов атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№251 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шәкірттердің сезінумен арманын, 40 жылды ұстаздыққа арнадың
22
январь
2024

Шәкірттердің сезінумен арманын, 40 жылды ұстаздыққа арнадың

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз?! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. Ұстаз да диқаншы секілді, әрбір адам жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қомдап, қатайтып ұшырады. Әр шәкіртіне аянбай, бойындағы асыл қасиеттерін  үйретуден жалықпайтын ұстаздардың ұстазы - мектебіміздің  алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, майор Онғаров Ералы Ізбасарұлын зейнетке шығу құрметіне арналған мектебімізде «Шәкірттердің сезінумен арманын, 40 жылды ұстаздыққа арнадың» атты ұстазды ұлықтау мерекелік шарасы өтті.
     Мерекелік шараны мектеп директоры Парманкулов Қанат Райымбекұлы құттықтау сөзімен бастап, Ералы Ізбасарұлының  шәкірттерге  тәлім-тәрбие,  жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі ұстаздық еңбегін, өнегелі, өмір тәжірибесін атап өтті.
     Ұлағатты ұстаз Ералы Ізбасарұлының шәкірттері қазіргі уақытта әр түрлі саланың білікті  мамандары. Шәкірті аудандық маслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков арнайы ұстазына деген ыстық ықыласын білдірсе, ауыл әкімі Әбжапбаров Дәулет Сейтқалиұлы құттықтау сөзімен ұластырды. Лайықты ұстаз атану-мәртебе,  ал үміт артқан шәкірт болу- мерей. Сол себепті мәртебесі артқан ұлағатты ұстаздың мерейі үстем. Ұстаз бақыты - шәкірт құрметі. Мерекелік шараға ұстаздар, түлектер, отбасы мүшелері мен ауданның   алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.
   Ұстаз туралы  ой толғау мерекелік шарада әдеби-сазды монтажына жалғасты. 
  Ералы Ізбасарұлы 40 жылдық ұстаздық жолында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қажырлы еңбегі, шығармашылық ізденісі және белсенді қызметі үшін Шиелі аудандық білім бөлімінің,  Шиелі ауданының қорғаныс істер бөлімінің, облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен, Қызылорда облысы білім басқармасының,  Қызылорда облысының қорғаныс істері департаментінің құрмет грамотасымен марапатталған. Ералы Ізбасарұлы ұстаз ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депуттарының кезекті сайлауының төрағасы. 
    Ұстаздық саланы абыроймен алып жүрген бүгінгі зейнеткер еңбегін мектеп мақтан тұтады.  
   Мерекелік шара соңында Ералы Ізбасарұлы ұжымы мен барша қонақтарға алғысын білдірді. 
  Мерейлі мерекеңіз құтты болсын, ардақты ұстаз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Anthonytwirl
29 августа 2024 21:31
гриша добросклонов в какой главе появляется
https://fokusblog.ru
как выманивает хлестаков деньги у посетителей сочинение
lukiblog.ru
http://www.lukiblog.ru
сколько лет было николеньке иртеньеву в начале произведения
openkrokzo.ru
https://snotolkovatelnyi.ru
как пишется слово во всем
snotolkovatelnyi.ru
http://www.frutilupik.ru
полость тела у членистоногих какая
Seronytwirl
8 июня 2025 09:20
чего нет у животной клетки
https://www.sigmablog.ru
какие растения встречаются в ставропольском крае
toktiblog.ru
http://www.mirtetriks.ru
как рассчитать атмосферное давление зная высоту
sensorfaq.ru
http://mirtetriks.ru
как называется парламент во франции
sigmablog.ru
https://www.sigmablog.ru
сколько звуков в слове корабль