27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында”Құндылықтың негізі-бастауышта”атты бастауыш әдіс бірлестігінің жоспарға сай апталығының ашылуы өтті.
Мақсаты:

1. Оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту, жетілдіру.

2. Оқушылар шығармашылықтарын шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге баулу, үйрету.

3. Оқушыларды елін, жерін сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту. Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

4. Ұлттық құндылықты дәріптеу.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.