24
январь
2018
"№ 251 М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ-і
1961 жылы №401 темір жол мектебі Қазақ ССр –інің Оқу ағарту министрлігіне өтіп,сол жылы Жанаева Бақыт мектеп директоры болып тағайындалды.1962 жылы осы мектеп 8 жылдық мектеп,1965 жылдан орта мектеп болса, ал 1975жылы мектепке №251 М.Әуезов аты берілді. 1961-1985 жылдары мектепбасқарған Б.Жанаева өзінің қажырлы еңбегінің арқасында Қазақ ССР –інің халық ағарту ісінің Үздігі, ССР халық ағарту ісінің Үздігі атақтарымен марапатталды.Сондай –ақ, осы жылдары қызмет атқарған мектеп дирекорының оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі Бершімбаев Ермекбай мен тарих пәнінің мұғалімі Молдабеков Төлеген «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталса,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспанов Исахай бастауыш сынып мұғалімі Л.В.Гончарова , алғашқы әскери пәнінің мұғалімі А.М.Рукавицын, орыс тілі пәнінің мұғаліміН.А.Мамонтоваға Қазақ ССР халық ағарту ісінің Үздігі атағы, физика пәнінің мұғалімі Мұратов Сафархан мен математика пәнінің мұғалімі Әбенқызы Күнімайға Қазақ ССр-інің білім беру ісінің озық қызметкері атағы берілді.Мектеп директоры Жанаева Бақыттың зейнетке шығуына байланысты мектеп директоры болып 1985-1986 оқу жылында П.Бошайбеков,1987-1992 жылдары З.Ибраева,1992-2007 жылдар аралығында С.Мұратов қызмет атқарса,2007 жылдың қарашасынан бастап мектепті Батырбеков Нұрлан басқарып келеді.1997 жылы №50 орта мектеп директоры Ұ.Найманбаеваның аудандық «Өскен өңір»газетіне жариялаған Үндеуі ауыл халқына демеу болып,сонымен қатар сол кездегі аудан әкімі Ж.Тұрабаевтың жетекшілігімен, мектебіміздің түлегі Қызылорда қаласындағы СМП-4 мекемесінің бастығы Әлімқұлов Темірханның бастамасымен, аудан мекемелерінің демеушілігімен аудан мектептерінің көмегі арқасында 1999 жылы мектептің жаңа ғимараты «асар » әдісімен салынып, пайдалануға берілді. Осы мектеп құрылысына 1992 жылдан мектеп директоры Мұратов сафархан мен мектеп қызметкерлерінің күн – түн демей еткен еңбектері де орасан зор. Мектептің ашылу салтанатында аудан әкімі Ж.Тұрабаевақа «Бәйгеқұм ауылының құрметті азаматы» атаға беріліп, бірнеше мектеп қызметкерлеріне, аудан азаматтарына білім қызметкерлерінің республикалық, облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының марапаттаулары тапсырылды.Осындай 70 жылдық тарихы бар мектептерден білім алған шәкірттер республикамыздың түкпір-түкпірінде әр салада еңбек етіп жүр:
1.Әбжапбарова Бібіхадша (мектепті алтын медальмен бітірген)-Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы,ғылым докторы;
2. Кемелов Шанақбай – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы бастығының орынбасары ;
3. Сүйіндіков Досмат – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
4.Мырза Қанат (мектепті күміс медальмен бітірген) – Облыстық Қазнашылық департаменті бастығының орынбасары;
5. Әлімқұлов Темірхан – СМП-4 мекемесінің бастығы;
6.Кеңесбаева Айша (мектепті күміс медальмен бітірген) Қазақ радиосының дикторы;
7.Бекетаева Ақерке – Мемлекеттік ұйымдар редакциясының журналисі;
8.Исмаилов Пазылхан – Алматы аграрлық университетінің оқытушысы;
9.Оспанов Бақтияр – Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің саясаттану кафедрасының оқытушысы;
10. Әбжаппаров Сұлтан Бәйгеқүм аулының әкімі;
11. Дүйсенов Мейрамхан – «Казатомпром»мекемесінің ішкі істер басқармасының бастығы;
12. Өтебаев Пернебай - «Казатомпром» мекемесінің идеологиялық бөлімінің бастығы;
13. Әбжаппарова Айнұр – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының тарих факультетінің оқытушысы;
14.Рыспембетова Жеңіскүл - №48 мектеп директоры;
15. Батырбеков Нұрлан - №251 мектеп директоры;
16. Жақыпов Ғабит – аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полициялардың бастығы;
17. Болатова Гүлстан – аудандық МСЭҚБ – нің бас маманы;
18. Қойтанова Мадияр - Қызылорда «Адал» компьютерлік қызмет көрсету орталығының директоры;
19. Әбжаппаров Нұрғали – Шиелі темір жол вокзалы бастығының орынбасары;
20. Рыспембетова Жұлдызай - №47 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Және тағы басқа көптеген маман иелері еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.Тағылымы мол білікті,тәжірибелі,іскер де ізденімпаз ұстаздар ордасы болашақта ел тізгінін ұстар жастарды тәрбиелеу жолында алдағы уақытта да қалтқысыз еңбек етеріне сеніміміз мол.